«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1314 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 344 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1314 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 344 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1332 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1314 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларында:

реттік нөмірі 7-жолдың 5-бағанындағы «30567,3» деген сандар «2600» деген сандармен ауыстырылсын;

ескертпеде:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкаларына:

энергия өндіруші ұйымдар;

табиғи монополия субъектілері үшін коммуналдық қызметтерді көрсеткен кезде түзілетін эмиссия көлемі үшін мынадай коэффициенттер енгізіледі

1 0,3 коэффициенті;

2 0,43 коэффициенті;

3 0,25 коэффициенті;»;

мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) ескертпенің 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жеңілдетілген коэффициенттерді қолдану қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтен тыс көлемі үшін төлемдерге қолданылмайды.».

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.