«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы
Директорлар кеңесінің құрамы туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы
№ 23 Қаулысы
(2008.28.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 2 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
қосымшаға сәйкес құрамдағы «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесін;
Альберт Павлович Рауды «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы етіп сайлауды қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.