Арнайы экономикалық аймақтар қызметін регламенттейтін құжаттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 18 қазандағы № 305 Бұйрығы
Осы редакция 2008 жылғы 14 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 5-тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген:
1) арнайы экономикалық аймақтар құруға өтінім нысаны;
2) арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың қызметін жүзеге асыру тәртібін реттейтін уәкілетті орган және оператор-компанияның арасындағы, сондай-ақ оператор-компания және арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар арасындағы үлгілік шарттар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Индустриялық-инновациялық саясат департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және заңнамада белгіленген тәртіпте ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Қ.У. Бишімбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.