«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы
№ 273 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 20 Қаулысы
(2008.15.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 16 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығын және бекітілген мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын іске асыру барысында Мемлекет басшысы белгілеген әкімшілік реформаны жүргізу қағидаттары мен әдістерін қатаң басшылыққа алсын.
2. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығын іске асыру жөніндегі жұмыс кестесі (бұдан әрі - жұмыс кестесі) бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әкімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін Әкімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мыналар жөніндегі жұмыс топтары құрылсын:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда функционалдық талдау жүргізу, мемлекеттік басқарудың құрылымын және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді жетілдіру, бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерінің оңтайлы санын қамтамасыз ету мәселелері;