«2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкаларын белгілеу туралы» Қостанай облысы мәслихатының 2008 жылғы 16 ақпандағы № 60 шешімі (2008.11.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкаларын белгілеу туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2008 жылғы 16 ақпандағы № 60 шешімі

(2008.11.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасы»Салық Кодексінің 462-бабына, Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 19-бабының 6) тармақшасына, 101-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына және «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы Қаулысын басшылыққа алып, Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. 2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкалары белгіленсін (қосымша).

2. «2007 жылға арналған қоршаған ортаны ластау үшін төлемақының ставкаларын бекіту туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 390 шешімі күші жойылған танылсын, 2007 жылғы 22 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 3562 (2008 жылғы 1 ақпандағы № 16 «Костанайские новости», 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 13 «Қостанай таңы» жарияланған).

3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік күн аяқталғанда қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қостанай облыстық мәслихатыүшінші сессиясының төрағасы

 

 

Қостанай облыстықмәслихатының хатшысы

 

 

 

КЕЛІСІЛГЕН

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.