Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 124 Бұйрығы
(2010.29.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Білім және ғылым министрінің м. а. 2012 жылғы 17 тамыздағы № 386 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесі бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
3. «Білім беру ұйымдарында оқытудың күндізгі нысанында білім алушыларға академиялық демалыс берудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы № 906 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3258) тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.