Дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік-техникалық
құжаттарды құрастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 159 Бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 754 Бұйрығымен күші жойылды
«Дәрілік заттар туралы» 13 қаңтарының 2004 жылғы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру, дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ дәрілік заттардың сапасын регламенттейтін нормативтік құжаттарды стандарттау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттарды құрастыру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық бақылау комитеті (Баймұқанов С.А.) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.