«Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың
2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1308 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 5 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге де ұйымдар Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жыл сайын, 30 маусымға және 30 желтоқсанға қарай Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне олардың орындалуы жөнінде ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жыл сайын, 10 шілдеге және 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ. Мәсімовке жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.