«Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 213 Бұйрығы (күші жойылды)

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 213 Бұйрығы

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 230 бұйрығымен күші жойылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5115 тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 22 ақпандағы № 28 санында жарияланған) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638 бұйрығында:

жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

2-тармақтың екінші абзацында «белгіленген квотаға сәйкес» деген сөздер алынып тасталсын;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. ҰБТ ағымдағы жылғы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері үшін өткізіледі.

Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері, бастауыш және кәсіптік орта оқу орындарын бітірушілер (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі), ҰБТ-ға қатыспаған халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектепті бітірушілер, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектепті бітірушілер, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген азаматтар үшін өткізіледі.»;

6-тармақтағы «кешенді тестілеудің» деген сөздерден кейін «немесе ҰБТ» деген сөздермен толықтырылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.