«Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638 Бұйрығы (2011.30.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638 Бұйрығы

(2011.30.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 230 бұйрығымен күші жойылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 11-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелері бекітілсін.

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С. Өмірбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

3. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

 

 

Министр

Ж. Түймебаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

2007 жылғы 25 желтоқсан

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2007 жылғы 19 желтоқсандағы

№ 638 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі

ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) және жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.

ҚР Білім және Ғылым министрінің 2008.18.04. № 213 Бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.