Коммуналдық мүлікті пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі № 70/4 қаулысы
(2010.24.02. берілген өзгерістермен)
Павлодар облысы әкімдігінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 112/5 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық иелігіндегі немесе жедел басқаруындағы мүліктерді мүліктік жалға беру жөніндегі нұсқаулық;
коммуналдық мемлекеттік мекемелердің балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі нұсқаулық;
коммуналдық меншік объектілерін кейіннен өтеуін төлеп алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қалалар мен аудандар әкімдіктері, мемлекеттік басқару органдары коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға немесе сенімгерлік басқаруға тапсыру барысында осы қаулымен бекітілген Нұсқаулықтардың қадағалануын қамтамасыз етсін.
3. Қосымшаға сәйкес облыс әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.З. Бочинге жүктелсін.
| Облыс әкімі | Қ. Нұрпейісов |
2008 жылғы 2 сәуірдегі
«Коммуналдық мүлікті пайдалану
жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы»
№ 70/4 қаулысымен
бекітілді