Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі
комиссия туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2003 ж. 19 наурыздағы № 1042 Жарлығы
(2007.08.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 24 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Қoca берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегi комиссия туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегi комиссияның құрамы бекiтілсiн.
2. "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 3470 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 16, 128-құжат; 1998 ж., № 17, 147-құжат; 2000 ж., № 17, 167-құжат; 2001 ж., № 36-37, 463-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының