Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы
Ақтөбе облыстық әкімиятының 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 99 қаулысы
(2008.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Ақтөбе облысының әкімиятының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 90 қаулысымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңының 9-1 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» және 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» қаулыларын орындау мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстың - жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің қоса беріліп отырған:
1) мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу;
2) мүгедектерді сурдо-тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамсыздандыру үшін оларға құжаттар ресімдеу;
3) 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау;
4) тұрғын үй көмегін тағайындау;
5) мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу;
6) мүгедектерге үйінде, оның ішінде бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу;
7) жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу;
8) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу;
9) отын сатып алу бойынша ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек тағайындау;
10) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
11) жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу;