Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие
берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
Осы редакция 2008 жылғы 15 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің түсініктемесін қара
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8-тармақшасына сәйкес, азаматтарға патриоттық тәрбие берудің біртұтас жүйесін құру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдын 25-інен кешіктірмей, Қазақстан Реепубликасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаны іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын.
5. Осы Жарлықты орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы қазанның 10-ы.
№ 200
Президентінің
2006 жылғы 10 қазандағы
№ 200 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық
тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Мазмұны
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігі
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер