Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты: «Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу» (Ақтөбе облыстық әкімиятының 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 99 қаулысымен бекітілді) (2008.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Облыс әкімдігінің

2008 жылғы 4 сәуірдегі

№ 99 қаулысына

қосымша

 

Ақтөбе облысының әкімиятының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 90 қаулысымен күші жойылды

 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты:
«Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік
қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу»

(2008.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу.

2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі 86 тармағы;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 3985 тіркелген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 306-ө бұйрығымен бекітілген әлеуметтік қызмет көрсетудің үлгілік ережелерін негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет қызметті тұтынушының тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (одан әрі Бөлім) көрсетіледі (осы стандартқа 1-қосымша).

5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): құжаттар ресімдеу, мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсету.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

1) денсаулығына байланысты үнемі басқа адам көмегіне және медициналық қызметке мұқтаж қарт азаматтарға;

2) денсаулығына байланысты үнемі басқа адам көмегіне және медициналық қызметке мұқтаж 1, 2 топ мүгедектеріне.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 10 күн;

2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген уақыт - 30 минут;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.