Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты: «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» (Ақтөбе облыстық әкімиятының 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 99 қаулысымен бекітілді) (2008.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Облыс әкімдігінің

2008 жылғы 4 сәуірдегі

№ 99 қаулысына

қосымша

 

Ақтөбе облысының әкімиятының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 90 қаулысымен күші жойылды

 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты:
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу»

(2008.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу.

2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі 88 тармағы;

2) Ақтөбе облысы әділет департаментінде 2006 жылғы 25 желтоқсанда № 3193 тіркелген «Жеңілдіктер беру туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 317 шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет қызметті тұтынушының тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (одан әрі Бөлім) көрсетіледі (осы стандартқа 1-қосымша).

5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімі.

Ақтөбе облысының әкімиятының 2008.3.12. № 410 қаулысымен 6 тармақ редакцияда жазылды (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.