Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне 2008 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2006 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., №19-20, 120-құжат):
1-баптағы «341 430 640» деген цифрлар «461 430 640» деген цифрлармен ауыстырылсын.
2. «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №23, 177-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақшада:
«2 687 282 259» деген цифрлар «2 722 210 114» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«2 209 284 565» деген цифрлар «2 103 413 632» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«46 088 728» деген цифрлар «51 805 329» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«8 726 192» деген цифрлар «8 544 482» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«423 182 774» деген цифрлар «558 446 671» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «2 676 161 253» деген цифрлар «2 768 087 899» деген цифрлармен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «11 121 006» деген цифрлар «-45 877 785» деген цифрлармен ауыстырылсын;
4) тармақшада:
«55 686 680» деген цифрлар «50 099 351» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«61 636 752» деген цифрлар «56 049 423» деген цифрлармен ауыстырылсын;
5) тармақшада:
«165 938 207» деген цифрлар «238 377 064» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«167 438 207» деген цифрлар «239 877 064» деген цифрлармен ауыстырылсын;
6) тармақшада:
«-210 503 881» деген цифрлар «-334 354 200» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«1,4» деген цифрлар «2,1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «210 503 881» деген цифрлар «334 354 200» деген цифрлармен ауыстырылсын:
2) 7-баптағы «341 430 640» деген цифрлар «461 430 640» деген цифрлармен ауыстырылсын;
3) 8-бап мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«2008 жылғы 1 шілдеден бастап:
1) жалақының ең төменгі мөлшері - 12 025 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 4 810 теңге;
3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы - 12 025 теңге;
4) 2008 жылдың бірінші жартыжылдығына ай сайынғы өтемақы төлеу мынадай мөлшерде:
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға - 600 теңге;
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға:
мүгедектігі бойынша:
жалпы аурулардан, еңбекте мертігуден, кәсіби аурулардан мүгедек болғандарға:
1-топтағыларға - 2 054 теңге;
2-топтағыларға - 1 601 теңге;
3-топтағыларға - 1 117 теңге;
бала кезінен мүгедектерге:
1-топтағыларға - 2 054 теңге;
2-топтағыларға - 1 676 теңге;
3-топтағыларға - 1 314 теңге;
он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға:
1-топтағыларға - 2 054 теңге;
2-топтағыларға - 1 676 теңге;
3-топтағыларға - 1 314 теңге;
он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 1 510 теңге;
мүгедектігі әскери қызметін өткеру кезінде алған жарақаттың, контузияның, мертігудің, аурудың салдарынан болған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қатарынан шыққан мүгедектерге, мүгедектігі азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектілердегі авариялардың зардаптарын жою кезінде не ядролық объектілердегі авариялық жағдайлар салдарынан болған адамдарға:
1-топтағыларға - 2 431 теңге;
2-топтағыларға - 1 963 теңге;
3-топтағыларға - 1 510 теңге;
әскери қызметін (қызметтік міндеттерін) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан алған мертігу не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес аурудың салдарынан мүгедек болған жағдайда әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің басшы және қатардағы құрамының адамдары қатарынан шыққан мүгедектерге:
1-топтағыларға - 2 054 теңге;
2-топтағыларға - 1 601 теңге;
3-топтағыларға - 1 117 теңге;
мүгедектігі әскери қызметін өткеру кезінде алған жарақаттың, контузияның, мертігудің, аурудың салдарынан болған әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), мүгедектігі қызметтік міндеттерін атқару кезінде осындай салдардан болған Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері қатарынан шыққан мүгедектерге:
1-топтағыларға - 3 156 теңге;
2-топтағыларға - 2 250 теңге;
3-топтағыларға - 1 510 теңге;
себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда төтенше экологиялық жағдайлардың салдарынан, соның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар жасау кезіндегі радиациялық әсердің салдарынан және (немесе) олардың зардаптарынан болған мүгедектерге:
1-топтағыларға - 2 431 теңге;
2-топтағыларға - 1 963 теңге;
3-топтағыларға - 1 510 теңге;
асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша:
асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша ай сайынғы өтемақының ең жоғары мөлшері оның отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2 431 теңге мөлшерінде тағайындалады.
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы алуға құқығы бар отбасының еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған кезде ай сайынғы өтемақы 997 теңге;
екеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне - 1 721 теңге;
үшеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне - 2 129 теңге;
төртеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне - 2 265 теңге;
бесеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне - 2 341 теңге мөлшерінде тағайындалады.
Отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшелері болған кезде әрқайсысына арналған ай сайынғы өтемақының мөлшері 2 431 теңгенің бірдей үлесі ретінде есептеледі.
Ата-аналарының екеуінен де айырылған жағдайда балаларға (тұлдыр жетімдерге) ай сайынғы өтемақы әрбір балаға 1 359 теңге мөлшерінде, отбасының еңбекке жарамсыз қалған мүшелеріне - 619 теңге мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2 960 теңгеден аспайтын мөлшерде тағайындалады.
Қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан немесе алған жарақаттың, контузияның, мертігудің, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша ай сайынғы өтемақының мөлшері отбасының еңбекке жарамсыз әрбір мүшесіне 378 теңгеге, бірақ отбасының барлық мүшелеріне 2 960 теңгеден аспайтын мөлшерде ұлғайтылады;
жасына байланысты - 755 теңге болып белгіленсін.»;
4) 11-баптың бірінші бөлігінде:
«334 626» деген цифрлар «232 008» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«3 834 034» деген цифрлар «3 070 885» деген цифрлармен ауыстырылсын;
5) мынадай мазмұндағы 11-1, 11-2-баптармен толықтырылсын:
«11-1-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қарағанды облысының облыстық бюджетіне «Қарметкомбинат» мемлекеттік акционерлік қоғамы қызметкерлерінің жалақысы бойынша 1995 жылғы қарашаға дейін құралған берешектің қалған бөлігін өтеуге 176 300 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.
Аталған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
11-2-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалақының ең төменгі мөлшерінің ұлғаюына байланысты жергілікті бюджеттердің шығындарына өтемақы төлеуге 4 149 655 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.
Аталған сомаларды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»;
6) 12-баптың бірінші бөлігінде:
«күрделі» деген сөзден кейін «және орташа» деген сөздермен толықтырылсын;
«11 908 331» деген цифрлар «11 658 444» деген цифрлармен ауыстырылсын;
7) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:
«12-1-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қарағанды облысының облыстық бюджетіне Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету шарттары туралы келісімге сәйкес Приозерск қаласының инфрақұрылымын қолдауға 661 200 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.»;
8) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға стипендиялар төлеуге 225 245 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.
Аталған сомаларды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»;
9) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
«16-1-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылатын Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндіретін ұйымдар үшін отын жеткізу жөніндегі шығындарға өтемақы төлеуге 5 159 945 мың теңге сомасында шығыстар көзделгені ескерілсін.»;
10) 18-баптың бірінші бөлігінде:
«54 054 442» деген цифрлар «63 665 109» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«20 133 909» деген цифрлар «28 141 530» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«17 024 252» деген цифрлар «18 627 298» деген цифрлармен ауыстырылсын;
11) 19-баптың бірінші бөлігіндегі «48 998 160» деген цифрлар «56 584 846» деген цифрлармен ауыстырылсын;
13) 24-баптағы «260 415 628» деген цифрлар «247 976 965» деген цифрлармен ауыстырылсын;
14) 25-баптың бірінші бөлігінде:
«7 300 000» деген цифрлар «9 600 000» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«35 000 000» деген цифрлар «37 149 000» деген цифрлармен ауыстырылсын;
15) 26-баптағы «31 200 000» деген цифрлар «16 200 000» деген цифрлармен ауыстырылсын;
17) 33-баптағы «15 000 000» деген цифрлар «40 000 000» деген цифрлармен ауыстырылсын;
18) 34-баптағы «1 005 000 000» деген цифрлар «1 113 000 000» деген цифрлармен ауыстырылсын;
19) 35-баптағы «35 000 000» деген цифрлар «10 000 000» деген цифрлармен ауыстырылсын;
20) көрсетілген Заңға 1, 2, 3-қосымшалар осы Заңға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2-бап. Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2008 жылғы маусымның 4-і.
№ 36-ІV ҚРЗ
кейбір заңнамалық актілеріне
2008 жылға арналған республикалық
бюджетті нақтылау мәселелері
бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының
2008 жылғы 4 маусымдағы
№ 36-ІV Заңына
1-ҚОСЫМША
«2008 жылға арналған
республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының
2007 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 8-ІV Заңына
1-ҚОСЫМША
2008 жылға арналған республикалық бюджет