Қазақстан Республикасында өнiмдердiң сәйкестiгiн мiндетті түрде растау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 Қаулысы
(2007.19.02. берілген толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 6 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Өнiмдердiң адамның өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта үшiн қауiпсiздiгiн, ұлттық қауiпсiздiкті және нормативтiк құжаттарға сәйкес келетін және тұтынушылардың талабын қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті отандық өнiмдi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырған:
1) мiндетті түрде сертификаттауға жататын өнiмдер мен қызметтердiң тiзбесi;
2) сәйкестік туралы декларациямен сәйкестiгiн растауға рұқсат етiлетiн өнiмдердiң тізбесi бекiтілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.