Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 15
қарашадағы № 372 бұйрығы
Осы редакция 2008 жылғы 20 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Нұсқауларды ветеринариялық инспекторлардың жасау және беру Ережесi;
2) Ветеринариялық инспекторлардың мемлекеттік ветеринариялық бақылаудағы объектiлерiне ветеринариялық құжаттар (ветеринариялық-санитариялық тұжырымдама, ветеринариялық куәлiк, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама) беру туралы Тәртiп бекітілсiн.
2. Ветеринариялық департаментiне (Мыңжанов М.Т.), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң облыстық аумақтық басқармаларымен, Астана және Алматы қалалары, бiрлесе отырып, заңнамада белгiленген тәртiпте, осы бұйрықтан туындайтын керектi шаралар қабылдансын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің