Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 17 Қаулысы
(2007.25.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 9 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:
1) Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жылына екі рет, жарты жылдың қорытындылары бойынша 10 ақпанға және 20 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын 25 ақпанға қарай жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының