Орал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Орал қалалық мәслихатының 2008 жылғы 31 наурыздағы № 6-11 шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 27- бабына сәйкес және басылған нормативтік құқықтық актілерді ретке келтіру мақсатында Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Орал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Орал қалалық мәслихатының кезекті 6-шы сессиясының төрағасы: |
М. Қ. Берген |
Орал қалалық мәслихатының хатшысы: |
Ә. Қ. Истелюев |
2008 жылғы 31 наурыз
№ 6-11 шешіміне қосымша
Орал қалалық мәслихатының кейбір күші жойылған
шешімдерінің тізбесі
1. «2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы» 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 39-4 Орал қалалық мәслихатының шешімі (тіркеу №7-1-56, 2007 жылғы 11, 18 қаңтарда, 1 ақпанда «Жайық үні» газетінің № 2,3,5 жарияланған).