«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы № 443 Қаулысы (2008.11.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы № 443 Қаулысы

(2008.11.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:

1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша 10 шілдеге және 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жыл сайын, 20 шілдеге және 20 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 ҚР Үкіметінің 2008.11.09. № 847 қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 13 мамырдағы

№ 443 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың

2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын

іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған

іс-шаралар жоспары

 

 

Ескертпе:

*іс-шараларды қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланады