«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 463 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 463 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 32, 354-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:

1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары» бөлімінде:

2. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары» тарауында:

2.2. «Қазақстан Республикасы дамуының 2008-2010 жылдарға арналған шарттары және макроэкономикалық сценарийлері» бөлімінде:

екінші және үшінші абзацтар алынып тасталсын;

он екінші абзацтағы «60» деген сандар «95-60» деген сандармен ауыстырылсын;

он үшінші абзацтағы «109,1» деген сандар «105,6» деген сандармен ауыстырылсын;

он жетінші абзацтағы «70» деген сандар «100-ден аса» деген сандармен ауыстырылсын;

он сегізінші, жиырмасыншы және жиырма үшінші абзацтар алынып тасталсын;

2.3. «Әлеуметтік-экономикалық дамудың 2008-2010 жылдарға арналған мақсаттары мен міндеттері» бөлімінде:

төртінші абзацтағы «2,5» деген сандар «2,3» деген сандармен ауыстырылсын;

бесінші абзацтағы «6-8» деген сандар «7,9-9,9» деген сандармен ауыстырылсын;

2.4. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған сандық индикаторлары» бөлімінде:

бірінші абзацтағы «109,1» деген сандар «105,6» деген сандармен ауыстырылсын, «2,5» деген сандар «2,3» деген сандармен ауыстырылсын;

екінші абзац алынып тасталсын;

үшінші абзацтағы «10914» деген сандар «10387» деген сандармен ауыстырылсын;

төртінші абзацтағы «8,1» деген сандар «5» деген санмен ауыстырылсын;

бесінші абзацтағы «19,3» деген сандар «8» деген санмен ауыстырылсын;

алтыншы абзацтағы «6,7» деген сандар «5,8» деген сандармен ауыстырылсын, «22» деген сандар «21» деген сандармен ауыстырылсын;

жетінші абзацтағы «Негізгі капиталға инвестициялар көлемінің өсу қарқыны жоспарлы кезеңде 110,8 %-ды құрайды.» деген сөздер алынып тасталсын;

сегізінші абзацтағы «шамамен 4,4» деген сөздер «13 млрд. астам» деген сөздермен ауыстырылсын;

тоғызыншы абзацтағы «7» деген сан «4,9» деген сандармен ауыстырылсын, «6,9» деген сандар «7» деген санмен ауыстырылсын;

оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Инфляция деңгейі 2010 жылдың соңына қарай 7-9 % шамасында тұрақтанады»;

3. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдардағы басымдықтары» деген тарауда:

3.1. «1-басымдық. Мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізудің тиімділігін арттыру» бөлімінде:

3.1.1. «1-шара. Қолайлы макроэкономикалық жағдайды қамтамасыз ету» кіші бөлімінде:

«Инфляцияға қарсы саясат» кіші бөлімінде:

он алтыншы абзацтағы «жылына 6-8 %» деген сөздер «2010 жылдың соңына қарай 7-9 %» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Салық саясаты» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

2008-2010 жылдарға арналған салық саясатының негізгі бағыттары әділетті және өзін ақтаған аспап ретінде, экономиканың қажетті бағыттарының дамуын ынталандыратын және мыналардан көрініс табатын мемлекеттік функциялардың толық орындалуын қамтамасыз ететін салықтардың әлеуметтік-маңызды функцияларын бекіту қажеттілігін есепке ала отырып міндеттерді шешуге бағдарланады:

елдің бәсекеге жарамдылығын күшейтуге мүмкіндік беретін бәсекелі салық саясатын құру;

экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға ықпал етуі тиіс салық саясатын Қазақстанның дамуының жаңа кезеңінің міндеттеріне сәйкес келтіру;,

жеңілдіктерді оңтайландыру және тиісінше экономиканың шикізат емес секторына салықтық жүктемені азайту, заңды тұлғаларға салық салуды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;

қосымша құн салығын ең үздік әлемдік практикаға сәйкес келтіру;

импортқа және ішкі өндіріске салынатын акциздердің ставкаларын біріздендіру;

жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесін реформалау;

әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдету, салықтық қызметтердің сапасы мен салықтық рәсімдердің ашықтығын арттыру, салықтық есеп беру мөлшерін азайту, салықтық тексертулерді ретке келтіру;

2009 жылдан бастап экономиканың шикізат емес секторындағы шағын және орта бизнес жобалары бойынша инвестициялық салықтық преференцияларды алудың хабарландыратын жүйесін енгізу.

Жоғарыда көрсетілген салықтық заңнамаларды жетілдіру жөніндегі міндеттерді шешу қолайлы инвестициялық ахуал жасауға, экономиканың шикізат емес секторында бизнестің дамуын ынталандыруға халықаралық бәсекелестікті күшейту және елдер арасында капиталдың еркін ағысының болуы, бәсекелестікті дамыту, ІЖӨ-ді, бюджеттің кіріс бөлігін және халықтың экономикалық белсенділігін ұлғайту жағдайында әсер етуі тиіс.

3.2. «2 басымдық. Адами капиталды дамыту және халықтық өмір сүру сапасын арттыру» деген бөлімде:

3.2.3. «3-шара. Халықтың денсаулық жағдайын жақсарту» кіші бөлімінде:

он сегізінші абзацтағы «соның ішінде мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестік механизмін қолдана отырып» деген сөздер алынып тасталсын;

3.4. «4-басымдық. Экономиканы жетілдіру және әртараптандыру» бөлімінде:

3.4.2. «2-шара. Экономика секторларын индустриялық-инновациялық дамуы» кіші бөлімінде:

«Өңдеу өнеркәсібін дамыту» кіші бөлімінде:

төртінші абзацтағы «108» деген сандар «103-105» деген сандармен ауыстырылсын;

он тоғызыншы абзацтағы «1,4» деген сандар «1,2» деген сандармен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік реттеуіштері» деген 2-бөлімінің «Әлеуметтік сала дамуының реттеуіштері» деген кестесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен мақұлданған «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған маңызды көрсеткіштерінің болжамы» деген 3-бөлім. осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «2008-2010 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тізбесі» деген 4-бөлім осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2008-2010 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген 5-бөлім осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Құпия.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 16 мамырдағы

№ 463 қаулысына

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 29 тамыздағы

№ 753 қаулысымен бекітілген

 

Әлеуметтік сала дамуының реттеуіштері

 

 

* 2008 жылдың 1 шілдесінен бастап

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 16 мамырдағы

№ 463 қаулысына

2-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 29 тамыздағы

№ 753 қаулысымен бекітілген

 

3-бөлім. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-

экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған

маңызды көрсеткіштерінің болжамы

 

Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 16 мамырдағы

№ 463 қаулысына

3-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 29 тамыздағы

№ 753 қаулысымен

бекітілген

 

4-бөлім. 2008-2010 жылдарға арналған қолданыстағы және

әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық)

бағдарламалардың тізбесі

 

   кестенің жалғасы