Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға
2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 маусымдағы № 591 Қаулысы
(2009.17.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі және «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2007 жылғы 6 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыруды жүргізсін.
ҚР Үкіметінің 2009.17.02. № 177 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен жоғары білім беру бағдарламалары бойынша ақылы негізде оқытудың күндізгі нысаны бойынша үшінші және келесі курстарда білім алатын баламалы «үздік» бағасы бар білім алушыларға қосымша білім беру гранттарын тағайындауды қамтамасыз етсін.
ҚР Үкіметінің 2009.17.02. № 177 Қаулысымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері заңнамада белгіленген тәртіппен жоғары білімі бар мамандарды даярлауға тағайындалған қосымша білім беру гранттарын орналастыруды жүргізсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми түрде жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2008 жылғы 18 маусымдағы
№ 591 қаулысымен
Бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру
ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар
даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім
беру тапсырысы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
мемлекеттік мекемелерінде техникалық және кәсіптік білімі
бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған
мемлекеттік білім беру тапсырысы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-
атқару жүйесі комитетінің оқу орнында техникалық және
кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу
жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу
орындарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар
даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік
білім беру тапсырысы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу
орындарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар
даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік
білім беру тапсырысы
Үкіметінің
2008 жылғы 18 маусымдағы
№ 591 қаулысымен
Бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру
ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға
2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім
беру тапсырысы
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) оқу
орындарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009
оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
оқу орындарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға
2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім
беру тапсырысы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-
атқару жүйесі комитетінің оқу орындарында жоғары білімі
бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған
мемлекеттік білім беру тапсырысы
ҚР Үкіметінің 2009.17.03. № 348 Қаулысымен өзгерістер енгізілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу
орындарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009
оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери
оқу орындарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға
2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім
беру тапсырысы
Үкіметінің
2008 жылғы 18 маусымдағы
№ 591 қаулысымен
Бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру
ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар
мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған
мемлекеттік білім беру тапсырысы
Магистратураға қабылдау
Резидентураға қабылдау
2008/2009 оқу жылында Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті оқу
орындарының адъюнктурасына қабылдау
2008/2009 оқу жылында Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігі әскери оқу орындарының адъюнктурасына қабылдау
PhD докторантурасына қабылдау
Медициналық мамандықтар бойынша PhD
докторантурасына қабылдау