Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 543 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 27 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін және оларды міндетті мемлекеттік лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы № 19 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 1, 10-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы № 19 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 340 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 15, 185-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы № 19 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 мамырдағы № 423 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 18, 172-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.