«Фискалды жадымен бақылау-кассалық машинаны (ФЖ БКМ) тіркеу және есептен алып тастау» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 469 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

19 желтоқсандағы 2007 жылғы

№ 469 бұйрығымен бекітілген

 

ҚР Қаржы министрінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 325 бұйрығымен күші жойылды

 

«Фискалды жадымен бақылау-кассалық машинаны (ФЖ БКМ)
тіркеу және есептен алып тастау» мемлекеттік қызмет
көрсетудің стандарты
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Фискалды жадымен бақылау-кассалық машинаны тіркеу және есептен алып тастау (ФЖ БКМ) - бұл салық органының ФЖ БКМ-мен Мемлекеттік реестрге енгізілген модельдерді, сонымен қатар ФЖ БКМ Мемлекеттік реестріне ФЖ БКМ-ге енгізілген жаңа модельдерді тіркеу, тіркеу мәліметтерін өзгерту және ФЖ БКМ-ден есептен шығару.

ФЖ БКМ - бұл корректірленбейтін ай сайынғы тіркеуді және ақпараттың энерготәуелді ұзақ мерзімді сақтауын қамтамасыз ететін тауарларды тарту және қызмет көрсету кезінде ақша есептерін тіркеу үшін қолданылатын фискальды жады блогы бар электронды құрылғы және (немесе) компьютерлік жүйе.

2. ФЖ БКМ тіркеу және есептен алу бойынша қызметі кей жерлерінде автоматтандырылған.

3. ФЖ БКМ тіркеу және есептен алу бойынша қызметі Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 547-бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Фиcкальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 18 ақпанындағы № 449 қаулысымен бекітілген  ФЖ БКМ қолдану Ережелерінің (бұдан әрі - Ереже) 3-15 тармақтары негізінде ұсынылады.

4. ФЖ БКМ тіркеу және есептен алу бойынша қызмет Қазақстан Республикасы салық органдарымен көрсетіледі.

5. Қызметтің аяқтау (нәтижесі) формасы болып табылады:

1) ФЖ БКМ тіркеу бойынша:

фиксалды жұмыс режимімен белгіленген ФЖ БКМ пломбирлеу;

Ереженің № 2 қосымшасына сәйкес тіркеу карточкасы;

2) ФЖ БКМ есептен алу бойынша:

ФЖ БКМ;

Ереженің № 3 қосымшасына сәйкес ФЖ БКМ есептен алу туралы белгісі бар қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы;

Ереженің № 4 қосымшасына сәйкес ФЖ БКМ есептен алу туралы белгісі бар тауарлық чектер кітабы;

Ереженің № 2 қосымшасына сәйкес карточканы жабу туралы белгісі бар ФЖ БКМ тіркеу карточкасы;

3) ФЖ БКМ Мемлекеттік реестріне ФЖ БКМ-ге енгізілген жаңа модельдерді енгізілуі - Мемлекеттік реестріне ФЖ БКМ-ге енгізілген жаңа модельдерді енгізілуі туралы шешім (енгізуден бас тарту).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.