Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 469 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 325 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 20 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқарудың жүйесін модернизациялау бойынша шаралары туралы» Жарлығын жүзеге асыру бойынша Жұмыс кестесінің 2.2.-тармағын орындауда және «Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдері туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің қоса беріліп отырған стандарттары бекітілсін:
«Қазақстан Республикасының салық төлеушілерін тіркеу»;
«Қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеушілерді тіркеу»;
«Электронды салық төлеушілер» ретінде салық төлеушілерді тіркеу»;
«Салық салумен байланысты объектілер мен салық салу объектілерін тіркеу»;
«Фискалды жадымен бақылау-кассалық машинаны (ФЖ БКМ) тіркеу және есептен алып тастау»;
«Салық төлеушілердің резиденттілігін растау»;
«Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық түсетін айналымдар бойынша ҚҚС қайтару»;
«Төлеу қайнарынан ұсталған кіріс салығын қайтару»;