«Электронды салық төлеуші» ретінде салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 469 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2007 жылғы 19 желтоқсандағы

№ 469 бұйрығымен бекітілген

 

ҚР Қаржы министрінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 325 бұйрығымен күші жойылды

 

«Электронды салық төлеуші» ретінде салық төлеушілерді тіркеу»
мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
 
1. Жалпы ережелер

 

1. «Электронды салық төлеуші» ретінде салық төлеушілерді тіркеу - бұл салық органдарының салық төлеушінің электрондық сандық қолын беру, жою және ауыстыру бойынша салық органдарының қызметі.

2. «Электронды салық төлеуші» ретінде салық төлеушілерді тіркеу қызметі автоматтандырылмаған.

3. «Электронды салық төлеуші» ретінде салық төлеушілерді тіркеу қызметін ұсыну қызметі Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 68-70-баптары негізінде ұсынылады.

4. «Электронды салық төлеуші» ретінде салық төлеушілерді тіркеу қызметін Қазақстан Республикасының салық органдары көрсетеді.

5. Салық төлеушіні «электрондық» салық төлеуші ретінде тіркеу қызметінің аяқталу (нәтижесі) формасы:

1) «Қазақстан Республикасының салық төлеушілердің мемлекеттік тіркеу және тіркеу есебінің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Кіріс министрлігінің 2002 жылғы 22 ақпандағы № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1826 болып тіркелген) бекітілген Салық төлеушілердің мемлекеттік тіркеу есебі Ережесінің 009.02 нысаны бойынша салық органы мен салық төлеуші арасында екі жақтық Келісім және ақпараттың электрондық тасымалдаушыға (floppy диск, CD-диск) жазылған сандық электрондық қолын салық төлеушіге беру;

2) «электрондық» сандық қолды ауыстыру;

3) «электрондық» сандық қолды жою болып табылады.

6. Салық төлеушіні «электронды салық төлеуші» ретінде тіркеу қызметі Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеулер мерзімі:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.