Қазақстан Республикасының салық төлеушілердің мемлекеттік тіркеу және тіркеу есебінің Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Кіріс министрлігінің 2002 ж. 22 ақпандағы № 279 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының салық төлеушілердің мемлекеттік тіркеу және
тіркеу есебінің Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Кіріс
министрлігінің 2002 ж. 22 ақпандағы № 279 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 634 бұйрығымен күші жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес

Бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының салық төлеушілерін мемлекеттік тіркеу және тіркелу есебінің ережесі бекітілсін.

2. Ақпараттық технологиялар департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2002 жылғы 2 сәуірден пайда болған қарым-қатынастарға таралады.

Министрдің м.а.

Қазақстан Республикасы

Кіріс министрлігінің

2002 жылғы 22 ақпандағы

№ 279 бұйрығымен бекітілген

 

Қазақстан Республикасының салық төлеушілердің мемлекеттік

тіркеу және тіркеу есебіне алу ережесі

Осы Ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 523, 524, 531-баптарына сәйкес әзірленді және салық төлеушінің тіркеу нөмірін алу, өзгерту және жою, салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу мен тіркеу есебіне алу тәртібін айқындайды.

1. Салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу

1. Осы Ережелерде пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:

1) ҚР ТСАЖ - салық төлеушілерді тіркеу мен есепке алуды жүзеге асыруға арналған Қазақстан Республикасының бірыңғай тұтастандырылған салықтық ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - Жүйе);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.