Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі Фармация
комитетiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004
жылғы 29 қазандағы № 1124 қаулысы
(2007.12.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 11 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетілдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 944 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 944 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) Комитеттiң аумақтық бөлімшелерінің тiзбесi бекiтілсiн.
2. ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 944 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 22 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 1, 8-құжат).
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының