«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 23 шілдедегі № 200-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министрінің
2008 жылғы 23 шілдедегі
№ 200-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі