Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына
қабылдау ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің 2001 ж. 9 шілдедегі № 548 бұйрығы
(2007.08.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 9 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерi бекітілсiн.
2. IIББ-нiң, IIБ-нiң, КIIББ-нiң бастықтары осы ережелердi жеке құрамға оқытуды ұйымдастырсын және олармен оқуға талапкерлердi таныстырсын.
3. Қазақстан Республикасының Iшкіісминi жоғары оқу орындарының басшылары қабылдау емтиханын ұйымдастыру және талапкерлердi оқуға қабылдауда осы Ережелердiң талаптарын қатаң сақтасын.
4. Қазақстан Республикасы Ішкіісминiнiң 1999 жылғы 18 маусымдағы № 316 «Қазақстан Республикасы Iшкіісминi жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерiн бекіту туралы" бұйрығының күшi жойылды деп есептелсiн.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
| Ішкі істер министрі
| Б. Искаков |
| Қазақстан Республикасы Білім және ғылым бірінші вице-Министрі | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі № 548 бұйрығымен бекітілген
|
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң
жоғары оқу орындарына қабылдау
ЕРЕЖЕЛЕРI
ҚР Ішкі істер министрінің 2005.17.05. № 289 Бұйрығымен барлық мәтін бойынша "өңірлік" деген сөз "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылды (бұр. ред. қара) ; 2006.19.04 № 181 Бұйрығымен барлық мәтін бойынша «мемлекеттік сертификат», «мемлекеттік сертификаттарды», «мемлекеттік сертификатты», «мемлекеттік сертификаттар» деген сөздер «сертификат», «сертификаттарды», «сертификатты», «сертификаттар» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)