Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже
III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XII сессиясының
2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешімі
(2008.17.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 10 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабы негізінде Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы шешім Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
3. Осы шешім 2005 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | К. Ким |
| Қалалық мәслихаттың хатшысы | А. Ракульцев |
2005 жылғы 3 наурыздағы
№ 12/4 шешіміне
қосымша
Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй
көмегін көрсету тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2008.17.04. № 6/9 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Тұрмысы төмен отбасыларға үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді қолдануға көмек көрсетіледі (бұдан әрі - тұрғын үй көмегі). Осы Ереженің 4 тармағына сай тұрғын үй көмегін алуға құқылы отбасылар қалалық телекоммуникация желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы және кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге тұрғын үй көмегін алуға құқылы.
2. Тұрғын үй көмегі, өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) жылына бір рет беріледі.