Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1369 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесі;
2) Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 тамыздағы № 866 қаулысының (Қазақстан Республикасыны ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 30, 407-құжат);
2) «Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта теңдестіру жоспарын және олардың әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы № 884 қаулысының;
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы № 884 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қаңтардағы № 28 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1001 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.