Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы»
ҚР Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 23-24, 217-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2008 жыл 2 шілде
№ 627
Президентінің
2008 жылғы 2 шілдедегі
№ 627 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 17 мамырдағы
№ 1096 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының
Индустриялық-инновациялық дамуының
2003-2015 жылдарға арналған
СТРАТЕГИЯСЫ
Астана, 2008 жыл
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауларынан:
««Біздің экономикалық жетістіктеріміз Қазақстанның Орталық Азия экономикасында көш басына шығуына жол ашты. Ендігі жерде біздің қолымызда Қазақстанды экономикалық дамудың «өңірлік локомотивіне» әрі оны әлемдік экономиканың оңтайлы «ойыншысына» айналдыра алатындай күш бар.»
«Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр.»