(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қостанай қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 26 шешімі

(2008.14.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 15 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1)-тармақшасына сәйкес Қостанай қалалық Мәслихаты ШЕШТІ:

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2008.14.04 № 84 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. 2008 жылға арналған қалалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:

1) Кірістер 12487325 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:

салықтық түсімдер 8390934 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 37807 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 1486544 мың теңге;

трансферттердің түсімдері 2572040 мың теңге.

2) шығыстар 13497492,8 мың теңге;

3) операциялық сальдо -1010167,8 мың теңге;

4) таза бюджеттік несиелеу -5544 мың теңге, оның ішінде бюджеттік несиелерді өтеу -5544 мың теңге;

5) тапшылық -1004623,8 мың теңге;

6) тапшылықты қаржыландыру 1004623,8 мың теңге.

2. Бюджет Кодексіне сәйкес 2008 жылда қала бюджетіне түсімдер, облыстық және республикалық бюджеттерден есептелетін кірістерден басқа, толық көлемде есептелінеді:

1) салықтық түсімдер:

жеке табыс салығы; әлеуметтік салық; мүлікке салынатын салықтар; жер салығы; көлік құралдарына салынатын салық; республикалық бюджетке есептелетінінен басқа, акциздер; табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін облыстық бюджетке есептелетінінен басқа түсімдер; кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар; республикалық бюджетке есептелетінінен басқа мемлекеттік баж;

2) салықтық емес түсімдер:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.