Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 867 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 шілдедегі № 722 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 8 шілдедегі № 629 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 867 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 407-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
1-бөлімде Ұйымдастыру іс-шаралары:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1.2-1-жолмен толықтырылсын: