Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 867 Қаулысы (2010.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 867 Қаулысы

(2010.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2010.04.08. № 796 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мүдделі министрліктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

1) Іс-шаралар жоспарының тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы талдамалы ақпарат берсін.

ҚР Үкіметінің 2010.04.08. № 796 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.

ҚР Үкіметінің 2010.04.08. № 796 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Үкіметінің 2008.30.07. № 722 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.15.05. № 731 Каулысымен (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.04.08. № 796 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.31.12. № 1496 Қаулысымен (бұр.ред.қара) жоспар өзгертілді

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 1 қазандағы

№ 867 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысындамытудың 2008-2010 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі

іс-шаралар жоспары

 

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: