(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИН. 2007.25.04 № 143 БҰЙРЫҒЫ

Жасалған шарттарды тіркеуді талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы
бойынша шығыстардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 143 Бұйрығы

 

Осы редакция 2008 жылғы 15 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы Ережесінің 81-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қосымшаға сәйкес жасалған шарттарды тіркеуді талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың Тізбесі бекітілсін.

2. Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және оның әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. «Шарттар жасауды талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі № 162 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 1 маусымда № 3659 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 5 қыркүйектегі № 330 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 3856 тіркелген; 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 34 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 4081 тіркелген; 2006 жылғы 2 маусымдағы № 194 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 4250 тіркелген бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

2007 жылғы 25 сәуірдегі № 143

Қазақстан Республикасы Қаржы

министрінің  бұйрығына қосымша

 

Жасалған шарттарды тіркеуді талап ететін  шығыстардың

экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тізбесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.