Жасалған консулдық іс-әрекеттер үшін алынатын консулдық алымдары ставкаларының мөлшелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 08-1-1-1/428 Бұйрығы
Осы редакция 2008 жылғы 23 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2001 жылғы 12 маусымдағы Заңы 511-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жасалған консулдық іс-әрекеттер үшін алынатын консулдық алымдары ставкаларының мөлшері 1-50 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.