(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БҒМ 2008 ЖЫЛҒЫ 12 МАУСЫМДАҒЫ № 340 БҰЙРЫҒЫ

«Болашақ»  халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 340 Бұйрығы

 

Осы редакция 2008 жылғы 29 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы»  Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығын, «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ»  халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. 2008 жылы «Болашақ»  халықаралық стипендиясына құжаттарды қабылдаудың және конкурсты өткізудің мынадай мерзімдері бекітілсін:

1) құжаттарды қабылдау - 2008 жылғы 23 маусымнан бастап 29 тамызға дейін:

2008-2009 оқу жылының күзгі семестрінде оқуы басталатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ»  халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесінің 8-тармағының 3) тармақшасында, 12-тармағының 2) тармақшасында және 15-тармағында көрсетілген адамдарға - 2008 жылғы 23 маусымнан бастап 11 шілдеге дейін;

2) конкурсты өткізу - 2008 жылғы 12 шілдеден бастап 26 желтоқсанға дейін.

2. Қоса беріліп отырған:

1) «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқыту үшін мәндес мамандықтар тізбесі;

2) «Болашақ»  халықаралық стипендиясы иегерлерінің оқуы мен ғылыми тағылымдамадан өтуі үшін ұсынылатын шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтарының және зертханаларының тізімі;

3) «Болашақ»  халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалылығы кестесі;

4) Оқу үшін «Болашақ»  халықаралық стипендиясының конкурсына қатысуға арналған үміткерлер сауалнамасының үлгілік нысаны;

5) Ғылыми тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясының конкурсына қатысуға арналған үміткерлер сауалнамасының үлгілік нысаны;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.