Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында мамандарды даялаудың 2008-2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 418 қаулысы
(2008.18.08. берілген өзгерістермен)
Қабылдау мерзімінің бітуіне байланысты Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 8 сәуірдегі № 08-18-450 Хатымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында мамандарды даярлаудың 2008-2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. Маңғыстау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (Х.Х. Нұрғалиева) 2008-2009 оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына қабылдаудың ұлғаюына сәйкес қаржыландыруды ұлғайтуды көздестірсін.
3. Маңғыстау облысының қаржы бақармасы (М.Б. Әлібекова) кадрлар даярлауға көзделген қаржыландыру жоспары шегінде бағдарламаның әкімшісі - облыстық білім басқармасын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Маңғыстау облысының білім басқармасы (Қ.Б. Жұмашев) заңнамамен белгіленген тәртіппен, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында мамандарды даярлаудың 2008-2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалауын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.А.Қараевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Қ. Көшербаев |
2008 жылғы 9 маусым
№ 418 қаулысымен бекітілген
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008.18.08. № 740 қаулысымен өзгертілді (бұр.ред.қара)
2008-2009 оқу жылына Маңғыстау облысының
техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында
мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырыс
| № | Мамандықтың (кәсіп) өзгертілген коды мен аты | Оқушылар саны | Базалық білімі | Оқыту тілі | Оқу мерзімі |