«Мемлекеттік коммуналдық меншіктегі жекешелендіруге жататын нысандардың тізбесін бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 10 қыркүйектегі № 272 қаулысы (күші жойылды)

Мемлекеттік коммуналдық меншіктегі жекешелендіруге жататын нысандардың тізбесін бекіту туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 10 қыркүйектегі № 272 қаулысы

 

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 306 қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендірудің мәселелері» жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі № 1431 қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату ережесіне сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік коммуналдық меншіктегі жекешелендіруге жататын нысандарының тізбесі бекітілсін.

2. Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік коммуналдық меншіктегі нысандарды жекешелендіруді жүзеге асырсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.М. Сәдуақасоваға жүктелсін.

4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі

Н. Әшімов

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

И. Әбішев

Облыс әкімі аппаратының басшысы

Б. Жылқышиев

Облыс әкімінің орынбасары

У. Қайназаров

Облыс әкімінің орынбасары

Ә. Бектаев

Облыс әкімінің орынбасары

Е. Сәдуақасова

Облыс әкімінің орынбасары

М. Тұрмағамбетов

Облыстық экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасының бастығы

А. Бекетова

Облыстық қаржы басқармасының бастығы

Ы. Шалабаев

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.