Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептілікті ұсыну нысандары
бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 70 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 25 мамырдағы № 49 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржылық есеп беру тәртібі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы» 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 177 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3364 тіркелген; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4702 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына қаржылық есептілік нысандары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 44 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
«Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Берілген ұзақ мерзімді заемдар (күмәнді борыштар бойынша резервтерді шегергенде)»;
«Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке қойылатын талаптар» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Берілген қысқа мерзімді заемдар (күмәнді борыштар бойынша резервтерді шегергенде)»;
«Сауда бағалы қағаздары (ықтимал ысырапқа арналған резервтерді шегергенде)» деген жолдағы «(ықтимал ысырапқа арналған резервтерді шегергенде)» деген сөздер алынып тасталсын;