(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

“Инвестициялық портфельді басқарушылардың тоқсан сайын қаржылық есеп беру
тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 169 қаулысы

 

Осы редакция 2007 жылғы 19 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық портфельді басқарушылардың тоқсан сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы № 377 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2585 тіркелген, 2003 жылғы 1-14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында жарияланған)  күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, инвестициялық портфельді басқарушыларға, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына жіберсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.