Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi
мемлекеттік тiркегенi үшін алым ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 16 мамырдағы № 454 қаулысы
(2007.12.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 16 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) және Қазақстан Республикасы Президентінің «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы» 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 заң күшi бар Жарлығына сәйкес және жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркегенi үшiн алым ставкаларын тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркегенi үшiн алым ставкалары бекітілсін.
2. "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркегенi үшiн алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 наурыздағы № 373 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 9, 89-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының