Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілері туралы
Атырау облыстық әкімиятының 2008 жылғы 17 қыркүйектегі № 239 қаулысы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 «Жекешелендіру туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27-бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі 1431 «Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері» қаулысы негізінде облыс әкімияты қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес жекешелендірілуге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру аукцион нысанындағы саттықта жүзеге асырылсын.
3. Атырау облысы қаржы басқармасы осы қаулының 2 тармағының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орындалуын қамтамасыз етсін.