«Концессияға берілуі мүмкін объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін іріктелген ұсыныстардың тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қарашадағы № 1005 Қаулысы (2010.26.02. берілген өзгерістермен)

Концессияға берілуі мүмкін объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін іріктелген
 ұсыныстардың тізілімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қарашадағы № 1005 Қаулысы

(2010.26.02. берілген өзгерістермен)

 

«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған концессияға берілуі мүмкін объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін іріктелген ұсыныстардың тізілімі бекітілсін.

2. «Орта мерзімді кезеңге арналған (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы № 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., №42, 471-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген орта мерзімді кезеңге арналған (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесінде:

реттік нөмірі 18-жол алып тасталсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2009.16.04. № 526 қаулысымен тізілім өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.26.02. № 137 қаулысымен (бұр.ред.қара) тізілім өзгертілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2008 жылғы 3 қарашадағы

№ 1005 қаулысымен

бекітілген

 

 

Концессияға берілуі мүмкін объектілердің техникалық-экономикалық

негіздемесін әзірлеу үшін іріктелген ұсыныстардың тізілімі

 

Р/с

 

Атауы

Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары және облыс тардың (республикалық маңызы

бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары

1

«Алматы - Өскемен» автомобиль жолының «Алма-

ты - Қапшағай» учаскесін салу (қайта жаңарту)

және пайдалану министрлігі

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

2

«Ресей Федерациясының шекарасы (Екатерин- бургке) Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана министрлігі

 - Қарағанды» учаскесін қайта жаңарту және пайдалану

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

3

«Үлкен Алматылық орамды автомобиль жолы»

(ҮАОАЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану

министрлігі

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

4

«Өзбекстан Республикасының шекарасы Қазақстан Республикасы (Ташкентке) - Қырғызстан Республикасының шекарасына кіреберістермен Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Шымкент - Тараз -

Қорғас» автомобиль жолының «Алматы -Қорғас» учаскесін қайта жаңарту және пайдалану

Көлік және коммуникация

министрлігі

5

Астана қаласының жаңа көлік жүйесі

Астана қаласының әкімдігі

6

«Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) - Шымкент - Тараз - Алматы - Қырғызстан Республикасының шекарасына кіреберістермен бірге Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Қорғасқа» автомобиль жолының «Ташкент - Шымкент - Жамбыл облысының шекарасы» учаскесін қайта жаңарту

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

7

«Зияткерлік-көлік жүйесін (ЗКЖ) енгізу және Көкшетау қаласы арқылы Астана - Петропавл автомобиль жолының «Астана - Щучье» учаскесін пайдалану

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

8.

Маңғыстау облысының Ақтау қаласында автовокзал салу және пайдалану

Маңғыстау облысының

әкімдігі

9.

Маңғыстау облысының Маңғышлақ (Тамақ) станциясында темір жол вокзалын салу және пайдалану

Маңғыстау облысының

әкімдігі