Сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары туралы
Шымкент қалалық мәслихатының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 9/82-4С шешімі
Осы редакция 2008 жылғы 13 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 491 бабының 2)тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қосымшаға сәйкес, Шымкент қаласының аумағында орналастыратын және жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша төлемақы ставкалары белгіленсін.
2. Қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 21 қаңтарындағы № 17/162-2с «Сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 497, «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінде 2002 жылдың 22 ақпанында жарияланған) шешімі күшін жойды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
Шымкент қалалық мәслихатының
2008 жылғы 14 сәуірдегі
№ 9/82 -4с шешіміне қосымша
Шымкент қаласының аумағында орналастырылатын және жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша төлемақы ставкалары
|
| Жарнама объектісінің алаңы | Жарнаманың орналасқан орны және түрінің бір бірлігіне төлем ставкасы (айлық есептік көрсеткіштерде) | |||
| қалаға кіре берісте | I,II санаттағы көшелер | III санаттағы көшелер | IV санаттағы көшелер | ||
| 1. | 3 ш.метрге дейін | 5 | 4 | 3 | 2 |
| 2. | 3 ш.метрден - 12 ш.метрге дейін | 14 | 13 | 11 | 9 |
| 3. | 12 ш.метрден - 25 ш.метрге дейін | 28 | 26 | 23 | 18 |