Қазақстан Республикасының радиожиілiк спектрiн пайдаланудың кейбір
мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 21 тамыздағы № 932 қаулысы
(2005.18.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 11 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 01.10.04 ж. № 1016 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды
1. Қоса берiліп отырған:
1) Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрін пайдалануға рұқсат беру ережесi;
1-1) Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бiр жолғы төлем мөлшерiн белгiлеу ережесi;
2) радиожиiлік спектрiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеудің жылдық ставкалары;
3) теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алынатын алым ставкалары;
4) радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиектi құрылғыларды мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алым ставкалары бекітілсiн.
2. "Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурсын (спектрiн) пайдалану үшін республикалық бюджетке ақы төлеу ережесін және ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 маусымдағы № 825 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 23, 235-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының